Депутаттың сапары

Category: Политика, Общество 5 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына келді.

 

Алдымен, мәртебелі мейман Вишнев шағын ауылына ат басын бұрып, оның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен тілдесті.

Бұдан кейін халық қалаулысы Севастополь ауылдық округіне соғып, кәсіпкерлер және мұғалімдермен кездесу өткізді. Кездесу кезінде  депутат Тұрғын Сыздықов Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы төңірегінде сөз қозғап, рухани жаңғыруымыз құптарлық іс екендігін атап өтті. Одан бөлек, ауылшаруашылық өндіріс кооперативі, бүгінгі күннің өзекті мәселелері бойынша әңгімелеп берді.

«Біздер шығарып жатқан заңдардың қайсысы жұмыс жасамай жатыр, сіздердің тараптарыннан ұсыныстар болса айтыңыздар, заң халық үшін жұмыс істеуі тиіс, сондықтан, сіздердің дауыстарыныз маңызды», — деді Т.Сыздықов.

Бұдан бөлек, мәртебелі мейман ағымдағы жылы Тәгіл ауылдық округінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған су қоймасына, «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  ірі қара малдарын сатып алған белді кәсіпкердің бірі «Жантасов» шаруа қожалығына барып, ондағы ілкімді істерге көзайым болды. Сондай-ақ, соңғы жылдары Сарыкөл ауданы орталығында ашылған «Олимп» сауықтыру кешенін, күрделі жөндеуден өткен Урицк мектеп-лицейі мен Сарыкөл агробизнес және құқық колледжіне бас сұқты.

Жалпы, Тұрғын Сыздықов әр кездесуінде қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

Айтпақшы, депутатпен бірге аудан әкімі Эльдар Күзенбаев, аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков және аталған округ әкімдері, басқа да билік өкілдері еріп жүрді.

 

Related Articles

Add Comment