Адрестік көмек

Category: Общество 6 0

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда адрестік әлеуметтік көмек көрсету бойынша жаңа тәртіп енгізілді.

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік төлемдер отбасының әрбір мүшесіне беріледі. Отбасының еңбекке қабілетті мүшелері мен әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады. Соның негізінде, мемлекет уақытылы әрі толық әлеуметтік көмек көрсетуді мойнына алады. Өз кезегінде, қатысушы жобада ат салысуды міндетіне алады. Ол ұсынылған бос орындардың біріне жұмысқа орналасып, өзінің еңбекақысын алып отырады. Соның арқасында отбасының кірісі артады.

-2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы адрестік әлеуметтік көмекке қатынасу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болады. Отбасындағы еңбекке қабілетті мүшелер жұмыссыздар ретінде тіркеледі. Ал ауылдық округтерде бұл іспен әкімдік айналысады, — дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Раисов.

Айта кеткен жөн, 2018 жылдың 1 айының көрсеткіші бойынша аудандық жұмыспен қамту бөліміне 20 шақты отбасы жүгінген.

Related Articles

Add Comment