Он отбасы көшіп келмек

Category: Общество 1 0

Лесной ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарып келеді. Ауылдың 2017 жылғы бюджеті 833 млн. теңгені құрады. Оның барлығы өз жөнімен жұмсалды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 20 жұмыссыз адам жұмыс істеді. Олардың санын осы жылы 30-ға дейін арттыру көзделуде. Сондай-ақ, Назерке Сарсенбаева деген ауыл тұрғыны қайта даярлаудан өтіп, сертификат алды.

Округ әкімі Сүйіндік Шаймерденовтың айтуынша, ауылда ауылшаруашылық өндіріс кооперативін ашу, белгілі нысандарға бейнебақылау орнату жұмыстары  жоспарлануда, жақын арада жүзеге асырылып қалуы да ықтимал.

-Өткен жылы ауылымызға Оңтүстік Қазақстан облысынан бір отбасы көшіп келді. Алмаевтар отбасында – 9 адам, 7-і балалар. Отағасы Айбек Алмаевтың жоспарлары өте көп. Өз ісін ашып, ауылдың өркендеуіне өз үлесін қоспақ ниетте. Биылғы жылы Леснойға 10 отбасы келеді деп үміттеніп отырмыз, — дейді ауыл әкімі Сүйіндік Харесұлы.

Жалпы, қазіргі таңда ауылда 627 адам тұрып жатыр. Олардың 106-ы зейнеткер, 40-ы студент және 116-ы балалар.

Айта кеткен жөн, әкім айтқандай, ауылға он отбасы көшіп келетін болса, олардың сапары «2017 жылғы жұмыспен нәтижелі қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша жүзеге асырылатын болады. Отбасы мүшелерінің әрқайсысына 35 АЕК мөлшерінде ақша берілмек.

Related Articles

Add Comment