Алтын домбыра

Category: Культура 6 0
Фотосурет: informburo.kz сайтынан

6-ақпанда Өнер мектебі мен тілдерді оқыту орталығы бірлесіп, күй сайысын ұйымдастырды. 

Алғаш рет ауданымыздың мектеп оқушылары арасында өткен бұл сайыс «Алтын домбыра» деп аталды.

Шара барысында үміткерлердің өне-рін бағалаған әділ қазылар алқасы олардың орындаушылық шеберлігі, күйдің көркемдік деңгейі және сахна мәдениетіне баса мән берді. «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» — демекші, үздігін бірауыздан таңдады.

Айталық, жүлделі бірінші орынды «Өмір» күйін шеберлікпен  орындаған Ө.Сұлтанғазин  орта мектебінің оқушысы Айзада Еркін, еңселі екінші орынды «Сегізінші наурыз» күйін нақышына келтіре ойнаған  Данил Панченко, ал үшінші орынды «Көңіл толқыны» күйін барынша өз деңгейінде орындауға тырысқан Алина Саутбаева місе тұтты.

Жүлдегерлер мен қатысушыларға мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

Руслан ӘЛКЕЙ.

Related Articles

Add Comment