Тың жобалар іске аспақ

Category: Экономика, АГРО 8 0

Аудан бойынша 2018 жылы жүзеге асырылады деп жоспарланып жатқан тың жобалар баршылық.

Солардың бірі индустрияландыру картасынан тыс орындалып жатқан жобалар. Өткен жылы өңірде 4 жоба жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, «Аллахвердиев» ЖК – Севастопол ауылында сыйымдылығы 6,0 мың тонна бидай қоймасын кеңейтсе, «Утимисов» ЖК – Тимирязев ауылында қуаттылығы сағатына 40 тонна бидай өңдейтін АӨП құрылысын салды. Сондай-ақ, «Акпан Инвест» ЖШС – Сарыкөл кентінде сыйымдылығы 5,0 мың тонна бидай қоймасын,  «Утимисоа» ЖК – Тимирязев ауылында сыйымдылығы 2,0 мың тонна  бидай қоймасын салды.

Биылғы жылы екі жоба қолға алынбақ. Айталық, олардың бірі «Мелитопольское» ЖШС – Сарыкөл кентінде бидай тазалайтын кешеннің құрылысын бастамақ, ал екіншісі – «Тищенко» ЖК – Барвин ауылында консерві цехінің құрылысымен айналыспақ. Алдыңғысының құны – 185 млн. теңгені құраса, ал соңғысының соммасы  – 10 млн. теңге.

Мінеки, аталған жобалар ойдағыдай жүзеге асырылса, бірнеше жұмыс орындары ашылып, жұмыссыз жүрген жандар жұмыспен қамтылмақ.

Айтпақшы, өткен жылы 20 адам жұмыс көзін тапқан болатын.

Руслан ӘЛКЕЙ.

Related Articles

Add Comment