Ішкі жолдар жөнделеді

Category: Политика, Экономика 10 0

Биылғы жылы да ауданымыздың ішкі жолдары жөнделеді. Бұл туралы есеп беру жиынында аудан әкімі баяндады.

Әрине, бұл өңір тұрғындары үшін жағымды жаңалық болмақ. Әсіресе, көлік жүргізушілері үшін десек, артық айтқандық болмас.

-Сарыкөл кентінің Әлібек батыр көшесінің Абайдан-Пушкинге дейін-гі қиылысы, Айтбай батыр көшесінің Ө.Сұлтанғазин мектебі мен «Болашақ» дүкеніне дейінгі аралығы жөнделетін болады, — деді аудан басшысы Эльдар Күзенбаев.

Сондай-ақ, Эльдар Қонысбайұлы Миронова көшесінің жөнделмеген жерінен бастап, христиан зиратына дейінгі жолдың жөнделетінін атап өтті.

Мінеки, қар еріп, көктем келіп, жер қарайысымен аталған істер қолға алынып, ішкі жолдар ретке келтірілмек. Бұл, әрине, сарыкөлдіктер үшін үлкен қуаныш болмақ.

Руслан ӘЛКЕЙ

Related Articles

Add Comment