Армандастар

Category: Культура 8 0

Атағы әлемге танылған Астанамыз биыл жиырма жылдығын атап өтеді. Осыған орай жер-жерде іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Өткен аптада аудандық өнер мектебінде өткен «Армандастар» атты  мерекелік бағдарлама  Тәуелсіз еліміздің елордасы – Астанамыздың 20 жылдығына арналды.

Аудандық білім бөлімі ұйымдастырып,  өнер мектебі мен шығармашылық үйі үйлестірген шара барысында  өңірдің жалпы және қосымша білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты. Яғни, театраландырылған және хореграфиялық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды. Олардың дені би  билесе, ал, кейбіреуі театрлық қойылымдар көрсетіп, көпшіліктің көңілін көтерді. Төрде отырып, төрелігін танытқан қазылар алқасының әділ бағасын алды.

Мақсат – балалардың өнерін дамыту, оларды патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелу болды.

Жалпы, біздің Астанамыз айбынды еліміздің асқақ бейнесі, тәуелсіздігіміз бен татулығымыздың жарқын  үлгісі және жас ұрпақтың асқақ арманына айналды.

Related Articles

Add Comment