Түсіндіру басталады

Category: Политика 6 0

Аудан әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихат тобы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы халыққа арнаған Жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын бастамақ. Алдағы аптада АНТ мүшелері ауыл-ауылды аралап, тұрғындарымен кездесіп, Жолдаудың басым бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын қолға алмақ.   

-15 ақпанда облыстық АНТ ауданымызға келеді. Содан кейін келесі аптадан бастап біз де түсіндіру жұмыстарын бастамақпыз, — дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серікбай Есенгельдинов.

Айта кеткен жөн, өткен жылы АНТ қатысумен өңірдің барлық ауылдарында бас-аяғы 195 кездесу өтіп, 48 еңбек ұжымы, 9154 адам ақпаратпен қамтылған.

Жалпы, АНТ мүшелерінің құрамына аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме, ұйым басшылары, қоғам қайраткерлері және жастар кіреді. Биылғы жылы оның құрамында – 32 адам бар.

Related Articles

Add Comment