Ауқымды шара

Category: Образование 9 0

Өткен аптада аудандық семинар-тренинг өтті. Оған мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, қамқоршылық орган иелері қатысты.

Басты мақсат – психологтардың кәсіби-лілігін арттыру, бала тәрбиесі барысында  әлеуметтік педагогтар мен білім бөлімінің өзара ынтымақтастығын бекіту болды.

Жұмыс барысында аудандық білім бөлімінің психолог-әдіскері Марина Кохан сөз сөйледі. Негізгі тапсырмалармен таныстырып, іске сәттілік тіледі.

Одан кейін аталған шара әр түрлі бағытта өрбіп, қатысушылар кең көлемде өз білімдерін кеңейтіп, тәжірибе алмасты. «Өмірге дауыс береміз» тренингін «№1 Урицк орта мектебінің психолог-педагогы Нагима Джумагулова өткізсе, Барвин орта мектебінің мұғалімі Ольга Шатохина, Урицк мектеп-лицейінің мұғалімі Ольга Долганина, Тәгіл орта мектебінің мұғалімі Наталья Джваридзе, «Балдәурен» балбақ-шасының педагог-психологы Елена Иванова және аудандық білім бөлімі қамқоршылық органы өкілі Шолпан Есембаковалар өз тақырыптары аясында баяндама жасады. Қысқасы, қатысушылар тәжірибе алмасты.

 

Баяндама соңы рефлекцияға ұласып, түрлі сауалдарға жауаптар беріліп, семинарға қатысушылар мадақталды. Айтпақшы,  оқушылар үзіліс арасында шағын көріністер көрсетті.

Related Articles

Add Comment