Құдіретті қазақ тілі, жаса мәңгі

Category: Культура 17 0

Ия, менің тілім ғажап та, құдіретті тіл. Мен өзім қарапайым қазақ ауылында туып-өсіп, қазақ тілінде білім алып, бүгінде өз ана тілімде қызмет атқарып келемін. Тіл маманы болып  Сарыкөл ауданына қарасты Барвинов орта мектебінде 18 жыл қызмет атқарып жүрмін. Ағымдағы   жылдың   қаңтар айында  Барвинов селолық округінде мемлекеттік тілдің  қолдану мәртебесін арттыру  мақсатында  өзге  ұлт өкілдерін  оқыту  курсы ашылды.  Аудандық тілдерді дамыту орталығының  ұсынысымен  бұл жауапты іс маған жүктелді. Оқыту курсы қазақ тілі  ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде қарапайым  деңгейге негізделген  топта мемлекеттік стандартқа негізделген бағдарламалар бойынша оқытылады.

Айтайын дегенім, тілімнің құдіреті- сол бір күнде 14 қызметкер  тіл үйренем деп талап білдіргенде  ерекше сезімге бөлендім.  Әрине, мен үшін бұл керемет сәт болды. Осылайша қоғам болып санамызды жаңғыртып жатырмыз.

Өз қазақ тілімнің мәртебесі өсіп, мәңгі жасайтынына сенемін.

Жаса мәңгі , құдіретті тілім дей тұра алдыма келген тіл үйренуші өзге ұлт иелеріне сәттілік тілеймін.

Гүлзада АБИТЧАНОВА. Барвин ауылы.

Related Articles

Add Comment