Ұлттық спорт ұлықталды

Category: Спорт 10 0

Өңірде қазақ күресінен аудандық чемпионат өтті. Жарыс Астанамыздың 20 жылдығына арналды.

Аудандық турнирге өңірдің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысты. Олар жас ерекшіліктері мен салмақ дәрежесіне байланысты өзара сынға түсті. Кіл мықтылар белдескен бозкілемде кім мықты екендігі анықталды. Әсіресе, ептілері, шеберліктері шындалғандары қарсы-ласынан аяласын асырып, басым түсіп жатты.

Айталық, аудандық чемпионат барысында Дінмұхамбет Карамульдин (Соналы ауылы), Айдос Абай (Маяк ауылы), Руслан Жубанов (Маяк ауылы), Кайыр Аскеров (Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі), Дамир Есенгельдин (Маяк ауылы), Данияр Амангельды (Лесной ауылы), Бахтияр Джумаев (Ө.Сұлтанғазин атындағы орта мектебі), Александр Генцельман (Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі), Рамиль  Стап (Веселый Подол), Төлебай Кусаинов (Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі) және Дархан Баймаканов (Сарыкөл кенті) өзара жеңімпаз атанды.

Жалпы, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан мадақтама қағаздары, медальдармен марапатталды.

Руслан ӘЛКЕЕВ.

Related Articles

Add Comment