Цифрлық Қазақстан

Category: Общество 10 0

Өткен аптада аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында отырыс өтті.

Жиынды аудандық құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ләззат Өтенова бастап, жүргізіп отырды. Бұл – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарында халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы айтылған «Цифрлық Қазақстан»  кешенді бағдарламасына арналды.  Осы туралы аудандық ХҚКО басшысы Семен Долганин ақпарат берді.

Жиын барысында мемлекет басшысының биылғы Жолдауы елімізде қабылданған «Қазақстан-2050» даму стратегиясын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі ретінде ұсынылғандығы, Жолдау негізінде, Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып отырған 100 нақты қадам – Ұлт жоспары, Индустрияландыру және «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламаларының табысты іске асырылып отырылғандығы атап өтілді.

Сондай-ақ, ақпарат берушілер «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына тоқтала келе, алғашқы уақыттары мемлекеттік деңгейде тек мемлекет пен азаматтардың араларын жақындастыру мақсатында әзірленген «Электронды үкімет» веб-порталына тоқталды.

Related Articles

Add Comment