Ауданымыздың бас имамы аудандық кітапханада жастармен басқосу өткізді.

Category: Общество 17 0

Маңызды кездесі апта басында өтті.

Діни қызметкер Дәулетбай қажы Әбдіхалық  жастармен өткен жүздесуде жалпы дін, ислам  туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, жастар үшін ең бастысы дұрыс жол таңдай білу керектігін айтты.

Қазіргі таңда қоғамда белең  алып бара жатқан теріс ағымдар туралы да тілге тиек ете келе,   ата-ананы сыйлау басты парыз екендігін жеткізді.

 

Әсіресе, осы тұрғысында көптеген мысалдарды,  дәлел-дәйектерді ой-елегінен өткізді. Сонымен қатар, имандылық, мейірімділік, кішіпейілділік секілді адами құндылықтарды сөз етті.

Айта кеткен жөн, дәл осы күні бас имам Дәулетбай қажы Махмутұлы Соналы ауылына ат басын бұрып, ондағы мектеп оқушыларымен кездесіп, қасиетті Рамазан айы жайында әңгімелесті. Одан соң Оңтүстік Қазақстан обылысынан көшіп келген ағайындарға ат басын бұрып, арнайы жағдайларын біліп, мешіт атынан апарған азық-түліктерді табыстады.

Related Articles