Ұрпақпен асыл байланыс

Category: Культура, Рухани Жаңғыру 11 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қоғамдық сананы жаңғырту» және «Рухани қазына» бағдарламасын іске асыру аясында Н.Дәулетова атындағы аудандық кітапханада «Ұрпақпен асыл байланыс» атты қазақ ұлттық зергерлік сәні көрмесінің ашылымы өтті.

Көрме қазақ ұлттық зергерлік бұйымдарға  қызығушылықты ояту мақсатында назарға ұсынылды.

Көрмені Урицк мектеп-лицейінің оқушылары тамашалады. Онда қағаз, мата, бисер тағы да басқа заттардан жасалынған затар тұрды. Осыған аса қызығушылық танытқан оқушылар да апта өткен соң өз қолдарымен жасаған бұйымдарды әкелуге сөз берді.

Айта кеткен жөн, осы жолы аудандық балалар кітапханасы бірігіп «Рухани жаңғыру» аясында «Киіз туралы ертегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Бұл орайластырылған көремелер балалардың қызығушылығын оятпай қоймады. Қыздар қолдың икемімен киіздің қалай басылатынына наза салса, ал ұлдар бас киім, жалпы киізден киімдердің қалай жасалатынына көз жеткізді. Көрмеден көп әсер алды.

Сонымен қатар, шараны жүргізген Светлана Кубляк киіз илеу тарихы туралы айтты.

Кстати

Сонымен қатар, шараны жүргізген кітапхана жұмысшысы Светлана Кубляк киіз илеу тарихы туралы айтты.

Related Articles