Ел жүрегі – Астана!

Category: Общество, Культура 14 0

Осындай атаумен Сарыкөл ауданының орталық алаңында Астананың мерейлі жиырма жылдығы айырықша атап өтілді.

Астана күніне арналған мерекелік шараны аудан әкімі Амантай Балғарин құттықтау лебізімен ашты.

-Бүгінде елдігіміздің нышаны, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, абыройымыздың айғағы болған Елордамызға 20 жыл толды. Осы жылдар ішінде Астана қазіргі заманғы әсем қалалардың бірі болып, Орта Азияның экономикалық және мәдени орталығына айналды. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік орнығуы мен ұлтымыздың биікке көтерілуі, Елордамыздың әлем көз тіккен ғажайып ордаға айналуы ҚР Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың теңдесі жоқ батыл шешімі мен ерлігі, жеңісі мен жемісі, — деді өңір басшысы өз сөзінде. Құттықтаудан кейін Амантай Кәкімбекұлы қызметтегі жетістіктері үшін «Астанаға 20 жыл» мерекелік медальдерімен «Қуат Т1» ЖШС директоры Еркін Тұмановты, «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ветеренария бөлімі» ММ жетекшісі Шотпай Сатыбалдинді марапаттады. Сондай-ақ, «Сарыкөл ауданының құрметті азаматы» атақтарын белгілі шаруа қожалығының басшысы Баймырза Сатаев пен «АБЗ плюс» ЖШС кеңесшісі Меңдібай Омаровқа табыс етті.

Салтанатты жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Ауданымызға арнайы келген ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Арыстан Құрмановтың қатысуымен мерейлі мерекенің сәні одан сайын арта түсті. Өңірлік өнерпаздар да өз үлестерін қосып, Астана туралы, ел бірлігі жайындағы әндер шырқап, қазақтың ұлттық билерін нақышына келтіре орындады.   

Кстати

Жалпы, асыға күткен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама соңы диджей Чаплиннің жастарға арналған көңілді кешіне ұласып, отшашумен аяқталды.

Руслан ӘЛКЕЕВ.

Related Articles