Тілге құрмет — міндет

Category: Культура 6 0

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ-де  «Тілдарын» облыстық тілдерді    оқыту орталығының директоры Жұлдызай Қабділмәжитқызы және орталықтың білікті әдіскері Айткүл Масақбайқызы келіп, өздерінің жоғары тәжрибелерімен бөлісті.

Тәжрибе алмасу барысында оқыту жұмыстары бойынша, мекеме ішіндегі жүргізілетін құжаттарға қатысты, сонымен қатар орталық тыңдаушыларының сабаққа қатысымын ұлғайту жұмыстарын жүзеге асыру тәсілдерін көрсетті.

Алдағы уақытта тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Ермашқызының тапсырмасы бойынша, аудан орталықтарының әдіскерлерін әр тоқсан сайын, облыстық орталыққа шақыртып аудан көлеміндегі тіл мәселесіне қатысты шешілмей тұрған мәселелерді тыңдап, оның шешу жолдарына көмек беру жағдайы қарастырылатын болатын болды.

Облыс орталығынан келген әріптестеріміздің жағымды жаңалығы, бүгінгі таңда қалалық, облыстық әкімдіктің жиыналыстары мемлекеттік тілде жүргізіле бастағанын атап өтті.

Осындай тілге құрмет көрсету, біздің әкімдік ғимаратында да,  көп ұзамай алға басады деген сенім білдірдік.

Кстати

Жалпы, бұл орталықтың жұмысы алдағы уақыттарда да жандана түспек. Ол үшін ұжымдағылар жұмыла аянбай қажырлы еңбек етіп, тер төге бермек.

Айдос ӨЗБЕКБАЙ,

Тілдерді оқыту орталығының әдіскері.

Related Articles

Add Comment