Намыс үшін тартыс

Category: Общество, Спорт 18 0

Өткен жұмада Тимирязев ауылдық округінде ауылдық жазғы спартакиада жалауын түрді.

 

Руслан ӘЛКЕЕВ.

«Рухани жаңғыру» аясында, «Астананың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған спорт мерекесінің ашылу салтанатында құрамалар сап түзеп, қазақтың дәстүрі шашу шашылып, аудандық мәслихат хатшысы Күләш Базарбаева жиналғандарды құттықтап, бір топ азаматқа аудан әкіміінң грамотасын табыс етті.

Бұл спорттық жарысқа Чехов, Златоуст, Маяк және алаң иелері – Тимирязев командасы қатысты. Олардың ішінде шебер әрі үздіктері түрлі сайыста топ жарып, өзара  осал емес екендіктерін танытты.  Яғни, шағынфутбол, волейбол, баскетбол және тоғызқұмалақ бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша, волейболдан 1-орынды Маяк, 2-орынды Чехов, 3-орынды Тимирязев жеңіп алды. Осы ойын мен баскетболдан  әйелдер арасында біріншіні Тимирязев бағындырса, екіншіні Златоуст еншілеп, ал үшіншіні Маяк місе тұтты. Ал, баскетбол бойынша ерлер ішінде Тимирязев топ жарса, одан кейінгі тұғырға Маяк командасы тұрақтап, Чехов болса үштіктен көрінді. Тартысқа толы өткен шағынфутбол да көрермендерді шаттыққа бөледі. Делебені қоздырған бұл ойын барысында I орынды Маяк селосы жеңіп алса, II орынды Златоуст округі қанжығалап, III орынға Тимирязев табан тіреді. Сондай-ақ, спартакиада кезінде спортшылар жекелей сынақ бойынша да сынға түсті. Айталық, тоғызқұмалақ сайысында ерлер бойынша 1-орынды Наурызбек Исахметов (Маяк), 2-орынды Әділжан Зайкенов (Сарыкөл), 3-орынды Азамат Абитаев (Тимирязев) өзара бөлісті. Ал, қыздар арасында бірінші орынды А.Абитаева (Маяк), екінші орынды А.Малькаева (Тимирязев), үшінші орынды А.Сейтова (Златоуст) бағындырды.

Кстати

Мінеки, ауылдың сәнін кіргізіп, спортшылардың бағын ашқан бұл спартакиада осылайша сән-салтанатпен өтті.

Ең бастысы, алаңға жиналғандар дән риза болып, ерекше күй кешті.

Related Articles