Zhas Project жобасы

Category: Общество 25 0

Руслан ӘЛКЕЕВ.

«Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында ауданда жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Аудандық жастар ресурстік орталығы директоры Әсел Мәзенованың айтуынша, жобаның мақсаты – жастарды әлеуметтендіру, әсіресе аз қамтылған халық тобын қоғамдық пайдалы істерге жұмылдыра отырып, ынталандыру.

-Бұл жоба жалпы елімізде екі жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Ал, биылдан бастап Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары қатысуда қатысуда.  Соның ішінде Сарыкөлдің жастары үш-бес адамнан топтасып, 17 әлеуметтік жоба әзірлеп, оны конкурстық комиссияға ұсынды. Жүргізілген іріктеудің қорытындысы бойынша 6 жоба таңдалды. Олардың әрқайсысына 1 000 000 теңге соммасында грант берілді, — дейді Әсел Аманжолқызы.

Жалпы,   6 жоба – 6 бағытқа арналған. Солардың бірі – «Әлеуметтік нан» жобасы. Оны Ө.Сұлтанғазин атындағы орта мектептің мұғалімі Сағадат Дандыбаев (суретте) ойлап тапты.

-Менің туып-өскен жерім – Тәгіл ауылы. Алдымен, осы жерге не керек, немен айналысуға болады деген сауал, бірнеше идеялар көкейімде тұрды. Ойлана келе, маңыздысы нан керек деп шештім. Сосын «Zhas Project» сайтына тіркеліп, жобанының үш кезеңі бойынша тапсырмаларды орындап, жауапты күттім. Қорытын-дысында грантты ұтып алдым, — дейді жоба иесі Сағадат сынды жас маман.

Мінеки, өз ісін енді бастағалы жатқан жас кәсіпкердің басты мақсаты болашақта кәсібін ілгерлетіп, аталған жоба аясында ауылда тұратын аз қамтылған отбасылар мен жағдайы төмен адамдарды тегін нанмен қамтамасыз ету.

 

Кстати

Айта кеткен жөн, «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асырылып отыр.

Related Articles