Главная / Общество / Маңызды мереке

Маңызды мереке

Тұңғыш Президент күніне орай аудандық мәдениет үйінде өткізілген салтанатты жиын мен концерттік бағдарлама мерекенің мәнін кіргізді.

Киелі сахна төріне көтерілген аудан әкімі Эльдар Күзенбаев  жи-налғандарды айтулы мерекемен құттықтап, жү-рекжарды лебізін жеткізді.

-Бұл – мемлекеттік мереке. Оны өз деңгейінде атап өту керек. Бүгінде еліміз Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында қарыштап дамып, алпауыт елдермен иық тірестіреп келеді. Бұл орайда мемлекет басшысының ерең еңбегі зор, — деп атап өтті өңір басшысы өз сөзінде. Эльдар Қонысбайұлы өз тілегінен кейін бір топ адамды мадақтама қағаздарымен марапаттады.

Мерейлі мерекеге орай «Еңбек ардагері» медалі аудандық қорғаныс істері бөлімінің маманы Галина Олейникке табысталса, ал Урицк лицей-мектебі мен Лесной орта мектебінің мұғалімдері Юлия Дандыбаева мен Наталья Кучеренко, АТЖ бөлімінің басшысы азаматтық қорғаныс подполковнигі Ермек Ибраев, «Ұлан» МКМ басшысы Сергей Белошицкий және Сарыкөл ауданы бойынша Әділет Басқармасының  инспектор-регистраторы Виктория Торбиналарға аудан басшысының арнайы громатасы берілді.

Салатант соңы мерекелік бағдарламаға ұласты. Өңір мен ауыл өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, сарыкөлдіктерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Олардың арасында бүлдіршін балақайлар да бар. Үлкен сахнаға енді бой үйретіп жүрген олар бал қылықтарымен жиналғандардың жүз-деріне күлкі үйіріп, қолпаштауларына ие болды.

Айтпақшы, дәл осы мереке аталып өтер тұста аудандық мәдениет үйінің фойе залына Рухани жаңғыру аясында «Елбасы – ел тірегі!» атты мерекелік кітап көрмесі ұйымдастырылды.

О Webtex PLC Kostanay

Читайте также

Түсіндіру басталады

Аудан әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихат тобы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *