Главная / Общество / Мерекелерге тарту

Мерекелерге тарту

12-желтоқсанда аудан әкімі Эльдар Күзенбаев Тәгіл ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, салынған ауыз су желісі нысанымен танысты. 

Мұнда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қыруар қаражат бөлініп, 220 абонент орталықтандырылған су желісіне қосылды. Айта кеткен жөн, су сақтайтын қойма мен насос бекеті заманауи техникалармен жабдықталған. Оған қоса судың ағысын манитор арқылы еркін бақылап отыратын мүмкіндік те қарастырылған. Ондағы мамандардың айтуынша, тәгілдіктер күніне 25 текше метр су тұтынады. Оның бір текшеметрі 30 теңге.

Сондай-ақ, Эльдар Қонысбайұлы ауыл үйлерін аралап, тұрғындармен тілдесіп, үй иелеріне сыйлықтар табыс етті.

Осыдан кейін Тәгіл орта мектебінде салтанатты шара өтті. Аудан әкімі Эльдар Күзенбаев тәгілдіктерді айырықша күнмен құттықтап, белгілі кәсіпкер, үнемі жақсы істің қасында жүретін Баймырза Сатевқа мадақтама қағаз табыстады. Салтанат соңы аудандық өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

13 желтоқсанда аудан әкімі Эльдар Күзенбаев Краснознамен ауылдық округіне арнайы барып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кезеңін іске асыру аясында жаңартылған ауылдық клубтың салтанатына қатысты. Тұрғындарды айтулы оқиғамен, мерейлі мерекемен құттықтай отыра, осы іске атсалысқан біртоп ауыл кәсіпкерлеріне алғыс хат табыстады.

Сондай-ақ, «НұрАйгерСК» ЖШС директоры Серікбай Жұмағұлов сөз алып, клуб меңгерушісіне 100 мың теңге  сыйлық берді.  Сахнада аудандық мәдениет Үйі мен ауылдық клуб өнерпаздары тұрғындардың назарына концерттік бағдарлама ұсынды.

Айта кеткен жөн, бұл әлеуметтік нысандар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 26 жылдығы мен елордасының Астанаға көшкеніне 20 жыл толуына орай ашылған болатын.

О Руслан Алкеев

Корреспондент казахской редакции сарыкольской районной газеты "Сарыкөл"

Читайте также

Түсіндіру басталады

Аудан әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихат тобы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *