Главная / Политика / Ішкі жолдар жөнделеді

Ішкі жолдар жөнделеді

Биылғы жылы да ауданымыздың ішкі жолдары жөнделеді. Бұл туралы есеп беру жиынында аудан әкімі баяндады.

Әрине, бұл өңір тұрғындары үшін жағымды жаңалық болмақ. Әсіресе, көлік жүргізушілері үшін десек, артық айтқандық болмас.

-Сарыкөл кентінің Әлібек батыр көшесінің Абайдан-Пушкинге дейін-гі қиылысы, Айтбай батыр көшесінің Ө.Сұлтанғазин мектебі мен «Болашақ» дүкеніне дейінгі аралығы жөнделетін болады, — деді аудан басшысы Эльдар Күзенбаев.

Сондай-ақ, Эльдар Қонысбайұлы Миронова көшесінің жөнделмеген жерінен бастап, христиан зиратына дейінгі жолдың жөнделетінін атап өтті.

Мінеки, қар еріп, көктем келіп, жер қарайысымен аталған істер қолға алынып, ішкі жолдар ретке келтірілмек. Бұл, әрине, сарыкөлдіктер үшін үлкен қуаныш болмақ.

Руслан ӘЛКЕЙ

О Руслан Алкеев

Корреспондент казахской редакции сарыкольской районной газеты "Сарыкөл"

Читайте также

Кооперативтен көмек көп

Соңғы жылдары ауданда мал шаруашылығы мардымды дамып келеді. 2017 жылы ауданда мал шаруашылығын дамыту үшін …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *