Главная / Общество / Еңбек адамы

Еңбек адамы

Осы тақырып туралы сөз қозғайтын болсақ, Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегі ойға оралады.

«Адамды адам ектен еңбек» демекші, ауданымыздың шағын ауылында тұрып, аянбай еңбек етіп, өз нәпақасын тауып жүрген жандар жетерлік. Солардың бірі – вишневтік жеке кәсіпкер Айтпай Шагатаев.

Айтпай Шаймерденұлы Ленинград ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлесін қосқаны үшін жақында аудан әкімі Эльдар Күзенбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.  Бұл дегеніміз, яғни, еңбек адамына құрмет көрсетілді деген сөз.

-Бәріміз де ел қатарлы еңбек етіп келеміз. Билік тарапынан еңбегім еленіп жатса, ол менің ауылға қосқан үлесімді, жеткен жетістігімді бағалағаны деп білемін!  — дейді марапат иесі.

Жалпы, еңбек адамы өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін Айтпай Шагатаев секілді өз ісінің білгірі болуы керек. Ол – дихан бола ма, ол – малшы бола ма, ол – жазушы бола ма, ол – өнер адамы бола ма, актер бола ма, бәрібір.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, шағын ауылдан ешқайда көшпей, туған жердің жойылып кетпеуіне тосқауыл жасап отырған мақала кейіпкеріндей ауылдағы еңбек адамдары көпшілікке үлгі-өнеге.

Руслан ӘЛКЕЙ

О Руслан Алкеев

Корреспондент казахской редакции сарыкольской районной газеты "Сарыкөл"

Читайте также

Слухам не стоит верить

Две последние недели в мессенджере WhatsApp «гуляет» сообщение об мошеннике-одиночке, который якобы орудует на территории …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *