Главная / Экономика / «Бастаудың» берері мол

«Бастаудың» берері мол

Сарыкөл ауданында «Бастау» бағдарламасы бойынша ілкімді істер қолға алынбақ. Бұл туралы ауылдарда өткен есеп беру жиындарында айтылды.

Бірнеше жылдан бері еліміздің басқа өңірлерінде жүзеге асырылып келе жатқан бұл жобаның берері мол. Жас кәсіпкерлер осы арқылы оқытылады. Оқу бір айға созылады.

-Аталған бағдарлама бойынша оқимын, тәжірибе аламын деушілер болса, біз дайынбыз. Жас кәсіпкер бір ай ішінде бизнес жобасын бастау, жүргізу, табыс табу мен алда кезігетін қиындықтармен күрес жолын үйренеді. Бір айдан соң арнайы сертификат беріліп, несие алуға мүмкіндік жасалады, — дейді аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы.

Жалпы, өңірде аталған бағдарлама аясында түсіндіру жұмыстары әрі оған адамдарды тарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айта кеткен жөн, жоспар бойынша кәсіпкерлерге арналған қаржы қаржылай қолдау қоры арқылы беріледі.

Руслан ӘЛКЕЙ

О Руслан Алкеев

Корреспондент казахской редакции сарыкольской районной газеты "Сарыкөл"

Читайте также

Кооперативтен көмек көп

Соңғы жылдары ауданда мал шаруашылығы мардымды дамып келеді. 2017 жылы ауданда мал шаруашылығын дамыту үшін …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *