Главная / Uncategorized / Қазақ тілі арқау болды

Қазақ тілі арқау болды

Өткен жұмада «Тіл — барлық білімнің кілті» деген атаумен аудандық тілдерді оқыту орталығында өзге ұлт өкілдері арасында  байқау өтті.

Оған Урицк, Тәгіл және Маяк орта мектептерінің  оқушылары қатысты. Олар тест, диалог құру және мәнерлеп оқу сияқты үш кезең бойынша бақтарын сынап, тіл тазалығы мен сөз шеберліктерін көрсетті. Бар қабылеттерін салып, берілген тапсырмаларды тыңғылықты орындаған оқушылар әділ қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарды өзара бөлісті. Айталық, бірінші орынды  Кристина Степанова (Маяк ОМ) бағындырса, ал екінші орынды Никита Юсупов (Урицк ОМ) еншілеп, сондай-ақ, үшінші орынды Ирина Ширенина (Маяк ОМ) місе тұтты. Жалпы, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. Оксана Беззубова (Урицк ОМ) ерекше көзге түскені үшін, ал қалғандары қатысқандары үшін мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Бір топ волейболшылар.

 

Руслан ӘЛКЕЕВ.

О Администратор

Читайте также

Одним абзацем

Оперативные сводки, предоставленные РОВД, вновь пестрят происшествиями. Участились факты пропажи домашнего скота. То лошади уйдут …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *