Главная / Uncategorized / Соңғы шаңғы сайысы

Соңғы шаңғы сайысы

Өткен сенбіде «Батыр» стадионында шаңғы маусымының жабылу салтанаты өтті. Оған Рудный қаласы мен Қарасу, Денисов және Сарыкөл аудандарынан 60-қа жуық шаңғышы қатысты.

Сайыстың ашылу сәтінде аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков жүрекжарды лебізін білдіріп, сөз соңында аудан әкімінің атынан құрметті қонақ, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жерлесіміз Сергей Ревуцкомға сыйлық табыстады.

Жарыс спринтерлік қашықтықта өтіп, әйелдер мен ерлер өзара жүлдені ортаға салды. Сөйтіп, соңғы шаңғы сайысы да өз мәресіне жетті. Яғни, Вероника Максименко, Анастасия Павлютина, Анастасия Климова, Антон Смык, Данил Первунецких, Александр Мятковский, Евгений Елисеев, Денис Стефанов, Дмитрий Соколов және Игорь Кухаренколар жеңіс тұғырынан көрінді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль және грамоталар табысталды.

Сарыкөл аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің күшімен қатысушыларға ыстық тағамдар ұйымдастырылды.

Руслан ӘЛКЕЕВ

О Администратор

Читайте также

Одним абзацем

Оперативные сводки, предоставленные РОВД, вновь пестрят происшествиями. Участились факты пропажи домашнего скота. То лошади уйдут …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *