Главная / Рубрикатор газеты / Знай наших! / Жас дарындар жетістігі

Жас дарындар жетістігі

Жақында Астана қаласында өткен III Халықаралық «ГРАЦИЯ» атты балалар мен жасөспірімдер және ересектер байқау-фестивальіне жерлестеріміз де барып, бақ сынап қайтқан болатын.

«LUCKY PEOPLE»  Халықаралық өнер және спорт ассоциациясы мен «Звезды Евразии» Халықаралық шығармашылық жобасы ұйымдастырған жарыста Сарыкөл аудандық өнер мектебінің тәрбиеленушілері  аудан, облысымыздың намысын қорғады. Нәтижесінде, Нурикамал Жанзақова (аспаптық жанр номинациясы) жүлделі I орынды жеңіп алды. Ал, Аяулым Кущугулова мен Асем Өтенова (хореография, классикалық би номинациясы)  II орынды иеленсе, ең кішкентай үміткер Айзада Еркін (эстрадалық вокал) II орынды еншіледі.

Дәл осындай талантты, шығармашыл балаларды тәрбиелеуге және елдің мәдени ұрпағын дамытуға қосқан қомақты үлестері үшін Әсел Сұлтанова, Зина Кенган, Салтанат Өтенова және Дамир Сагалов сынды мектеп тәлімгерлері ұйымдастыру тарапынан арнайы дипломдармен марапатталды.

Жалпы, өңірде өнердің басты ордасына айналған Өнер мектебіне – 46 жыл. Қарашаңырақтың ыстығы мен суығына төзіп,   ашылғаннан бастап басы-қасында жүрген бүгінгі күнге дейінгі директоры Гүлмарат Айғұлақованы әңгімеге тартқан едік. Оның айтуынша,  бүгінде мектепте 20 тәлімгер бар, оның 15-і жоғары білімді мамандар. Жоғарыда аты аталған мұғалімдердің ішінде жас маман Дамирден басқасы  тәжірибелі, жоғары санатты тәлімгерлер.

-Біздің мектебіміздің атынан Халықаралық жарысқа 4 мұғалім 4 шәкірт дайындап апарды. Өздеріңіз көріп, естіп отырғандай, нәтижесі жаман болған жоқ.

Жалпы, Әсел Серікқызы біздің шәкіртіміз, өте талантты жан. Бүгінде өзі меңгеруші, өзі тәлімгер және орындаушы. Ал, Зина Кенган болса, біздің мектепке Халықаралық дәрежедегі алғашқы атақты алып берді. Сондай талапшыл, ізденімпаз. Үйренемін деушілерге үйрете білетін қабылеті зор. Сондай-ақ, Салтанат Өтенова да ерекше қабілетке ие әрі еңбекқор. Осы оқу жылы келген Дамир Сагалов та болашағынан зор үміт күттіретін жас маманның бірі, — дейді Гүлмарат Жүсіпқызы.

Иә, айтса айтқандай-ақ, бүгінде Әсел Сұлтанова – оқу меңгерушісі әрі домбырадан сабақ береді, Нурикамал Жанзақованың тәлімгері. Осыдан 17 жыл бұрын келген мектеп түлегі өзінің еңбекқорлығының арқасында қарапайым мұғалімнен бүгінгі деңгейге дейін көтерілді. Ал, би үйірімесінің жетекшілері – Зина Кенган (Аяулым Кущугулованың жетекшісі) 17 жыл, Салтанат Өтенова (Асем Өтенованың жетекшісі) 21 жыл бойы жемісті еңбек етіп келеді. Дина Мақатова, Күміс Қайдарова, Карина Айдаева және Яна Тарасенко сынды шәкірттері бірнеше мәрте республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаз-жүлдегерлері атанып үлгерді. Айта кеткен жөн, Зина Кенган Барвин ауылдық округінде де өнер мектебінің филиалында да қосымша жұмыс атқарады. Сондай-ақ, жас маман Дамир Сагаловтың бұл алғашқы жетістігі. Оқушысы Айзада Еркіннің екінші орын алуы ол үшін үлкен тәжірибе мектебі.

Олай болса, талантты тәлімгерлер мен талапты жас дарындардың таудай жетістіктерімен біз де шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта бұдан да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз!

Руслан ӘЛКЕЕВ.

О Webtex PLC Kostanay

Читайте также

Было все впервые

Осенью 2017 года была выпущена книга Валерия Стародуба «Память лыжни», повествующая о сарыкольских спортсменах-лыжниках 60-70 …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *